Рыбакинаның басты қарсыласы US Open турнирінде ерекше жетістікке жетті: ол не істеді?
US Open-2026 титулы үшін таласта Елена Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі саналатын Ига Швентек ерекше көрсеткішке қол жеткізді. Польшалық теннисші Үлкен дулыға турнирлеріндегі әсерлі сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Sports24.kz.
2020 жылдан бері Швентек осы санаттағы 27 турнирге қатысып, олардың ешқайсысында үшінші айналымнан ерте жарыс жолынан шығып қалған емес. Осылайша, оның көрсеткіші қазір 27 турнирдің 27-сінде үшінші кезеңге жетіп отыр.
Польшалық теннисші бұл сериясын Нью-Йоркте де жалғастырды. US Open турнирінің екінші айналымында әлемнің сегізінші ракеткасы аргентиналық Надя Подоросканы 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді. Ал алғашқы кезеңде қытайлық Ван Синьюден 6:2, 6:3 есебімен басым түскен еді.
Швентек мансабында Үлкен дулыға турнирлерін алты рет жеңіп алған. Оның төртеуі «Ролан Гарросқа» тиесілі болса, тағы бір-бір рет US Open мен Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ Польша өкілі WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингтің көшін 125 апта бойы бастаған.
Ал Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі екінші кездесуін өткізуге дайындалып жатыр. Қазақстандық теннисші испаниялық Джессика Боузас Манейромен кездеседі. Матч 4 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 06:00-де басталады. Алғашқы айналымда Рыбакина 17 жастағы америкалық Теа Фродинді 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңген болатын.