locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирінің 1/8 финалына қалай шықты: Стародубцевамен матчқа шолу

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте жеңіп, Нью-Йорктегі турнирді бірде-бір партияда жеңілмей жалғастырды
Рыбакина US Open турнирінің 1/8 финалына қалай шықты: Стародубцевамен матчқа шолу
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі сенімді өнерін жалғастырып келеді. Үшінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы украиналық Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл кездесудің Рыбакина үшін өзіндік маңызы болды. Теннисшілер бұған дейін мамыр айында «Ролан Гаррос» турнирінде кездескен. Сол жолы Стародубцева алғашқы сетте жеңілгеніне қарамастан, матч барысын өзгертіп, 3:6, 6:1, 7:6 есебімен басым түскен еді. Сондықтан Нью-Йорктегі кездесу Еленаға өзара матчтардағы есепті теңестіруге мүмкіндік берді.

Алғашқы сет кездесудің ең тартысты бөлігіне айналды. Қарсыластар ұзақ уақыт бойы бір-біріне шешуші басымдық бермей, партия тағдырын тай-брейкке дейін жеткізді. Мұнда Рыбакина маңызды ұпайларда салқынқандылық танытып, 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші партиядан кейін Елена ойындағы басымдығын арттыра түсті. Екінші сетте қазақстандық теннисші кездесуді сенімді бақылауда ұстап, 6:3 есебімен жеңді және матчтың шешуші үшінші партияға ұласуына мүмкіндік берген жоқ.

Рыбакина US Open турнирінде әзірге бірде-бір сет жоғалтқан жоқ. Бірінші айналымда ол америкалық Теа Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңсе, кейін испаниялық Джессика Боусас Манейродан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, Елена Нью-Йорктегі алғашқы үш кездесуінің барлығын екі сетте аяқтады.

Келесі кезеңде Рыбакина Наоми Осакамен кездеседі. Төртінші айналымдағы жеңіс Еленаға US Open турнирінің ширек финалына жолдама береді.

Назарларыңызға Елена Рыбакина - Юлия Стародубцева матчының шолуын ұсынамыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie