Рыбакина - Стародубцева. Онлайн көру. LIVE-көрсетілім
6 қыркүйекке қараған түні Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі өнерін жалғастырады. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Украина өкілі Юлия Стародубцеваға қарсы кортқа шығады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина бұл кездесуге бірде-бір сет жоғалтпай жетті. Бірінші айналымда ол америкалық Теа Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңсе, екінші кезеңде испаниялық Джессика Боусас Манейродан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.
Стародубцева да турнирді сенімді бастады. Алғашқы айналымда ол германиялық Элла Зайдельді 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Екінші кезеңде украиналық теннисші Мария Саккариге қарсы күрделі матч өткізіп, үш сетте жеңіске жетті - 1:6, 7:6, 6:2.
Рыбакина мен Стародубцева бұған дейін бір рет кездескен. Мамыр айында «Ролан Гаррос» турнирінде өткен сол матчта украиналық теннисші үш сетте жеңіске жеткен еді - 1:6, 6:1, 7:6. Енді Рыбакина US Open хардында қарымта қайтаруға мүмкіндік алады.
Бұл кездесудің жеңімпазы турнирдің 1/8 финалына жолдама алады.
Матч Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады. Рыбакина - Стародубцева кездесуінің тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді.
