Рыбакина - Соболенко. Тікелей эфир. LIVE-көрсетілім
12-сінен 13 қыркүйекке қараған түні Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі ең маңызды матчын өткізеді. Әйелдер арасындағы жекелей сынның финалында Қазақстан өкілі Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина үшін бұл мансабындағы алғашқы US Open финалы болмақ. Бұған дейін қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі турнирдің шешуші матчына шығып көрмеген.
Елена финалға Коко Гауффты жеңгеннен кейін жолдама алды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетті 3:6 есебімен беріп қойғанымен, кейін матчтың барысын өзгертіп, келесі екі партияны бірдей 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Соболенко болса жартылай финалда Джессика Пегуланы жеңді. Арина кездесуді екі сетте - 7:5, 6:2 есебімен аяқтады.
Беларусь теннисшісі финалға US Open турнирінің соңғы екі дүркін чемпионы ретінде келеді. Соболенко 2024 және 2025 жылдары Нью-Йоркте топ жарған, енді ол қатарынан үшінші титулына таласады.
Рыбакина жеңіске жетсе, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленеді. Бұған дейін Елена Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде чемпион атанған. Сонымен қатар, US Open аяқталғаннан кейін қазақстандық теннисші финал нәтижесіне қарамастан алғаш рет WTA рейтингінің көшіне шығады.
Рыбакина мен Соболенко биыл «Үлкен дулыға» турнирінің финалында бір рет кездескен. Қаңтарда Australian Open шешуші матчында Елена Аринаны 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңген.
Рыбакина - Соболенко финалы 12-сінен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді.