Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жартылай финалдық кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен ойнады.
Кездесу қорытындысы бойынша Рыбакина жеңіске жетіп, жарыстың шешуші матчына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші үшін бұл Шнайдермен 2026 жылғы үшінші өзара кездесу болды. Бұған дейін спортшылар Штутгарт пен Цинциннатидегі турнирлерде кездескен, екі жағдайда да Рыбакина басым түскен.
Еске салайық, жарыстың ширек финалында қазақстандық теннисші польшалық Катажина Каваны 6:1, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Нинбодағы WTA 500 турнирі 19-25 қазан аралығында өтуде. Рыбакина жарысқа қазіргі чемпион ретінде қатысып жатыр және енді титулын қорғау үшін бір ғана жеңіс қажет.
Финалдық матч жексенбі, 25 қазанда өтеді.