locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғады

Қазақстандық әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбода өткен WTA 500 турнирінің финалында канадалық Лейла Фернандесті жеңді.
Теннис
Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғады
Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Кездесу қазақстандық спортшының 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина 2025 жылы дәл осы турнирде жеңіп алған чемпиондық атағын сәтті қорғады. Ол кезде финалда ресейлік Екатерина Александроваға қарсы 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.

Биылғы жарыстың шешуші матчы жолында қазақстандық теннисші Полина Кудерметова, Катажина Кава және Диана Шнайдерді жеңді. Жартылай финалда Елена Шнайдерден 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.

Нинбодағы жеңіс Рыбаклинаның 2026 жылғы маусымдағы кезекті айтулы жетістігі болды. Бұл маусымда ол Australian Open және US Open турнирлерінде де жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie