«Бавария» бас бапкерсіз бірнеше апта қалды: Компани қашан оралатыны айтылды
Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компани денсаулығына байланысты бірнеше апта бойы командаға көмектесе алмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Неміс клубының спорт директоры Макс Эберль 40 жастағы маманның сауығуына біраз уақыт қажет болатынын айтты. Сонымен қатар «Бавария» басшылығы бапкердің жұмысқа оралуын жеделдетпек емес.
«Біз күндер туралы емес, апталар туралы айтатын боламыз. Мұны бәріміз түсінеміз», — деді Эберль.
Еске салайық, 23 қазанда Компани команданың жаттығуы кезінде есінен танып қалып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген болатын. Кейін клуб өкілдері бельгиялық маманның жағдайы тұрақтанғанын, алайда оған қосымша медициналық тексерулерден өту қажет екенін хабарлады.
Эберль басшылық қазіргі бапкерлер штабына толық сенім білдіретінін және бас бапкер болмаған кезеңде кадрлық өзгерістер жасау мәселесін қарастырмайтынын атап өтті.
«Бавария» келесі матчын 25 қазанда Германия Бундеслигасының жетінші турында «Фрайбургке» қарсы өткізеді.