Рыбакина қатысатын US Open турниріндегі алғашқы ширек финалдық жұп анықталды
Арина Соболенко чехиялық Линда Носковамен кездеседі
ФОТО: Getty Images
АҚШ ашық чемпионатының әйелдер арасындағы алғашқы ширек финалдық жұбы анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Келесі кезеңде Беларусь өкілі Арина Соболенко (WTA рейтингінде 1-орын) чехиялық Линда Носковамен (WTA 6) ойнайды. Кездесу сейсенбі, 8 қыркүйекте өтеді.
1/8 финалда Соболенко америкалық Тейлор Таунсендті 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Ал Носкова өз кезегінде украиналық Марта Костюкты 7:5, 5:7, 6:4 есебімен ұтты.
Еске салайық, US Open-2026 турнирінің жекелей разрядында Елена Рыбакина өнер көрсетуін жалғастырып жатыр. 1/8 финалда оны Наоми Осакамен кездесу күтіп тұр. Матч 7 қыркүйекте өтеді және Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Бұл қарсыластықтың жеңімпазы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алады.