locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина мен Осака US Open-2026 ширек финалына шығу үшін қашан ойнайды

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Наоми Осакамен 7 қыркүйекте кездеседі
Рыбакина мен Осака US Open-2026 ширек финалына шығу үшін қашан ойнайды
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жарысын жалғастырып жатыр. 1/8 финалда қазақстандық теннисшіні осы кезеңнің ең тартымды кездесулерінің бірі - әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осакаға қарсы матч күтіп тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу 7 қыркүйекте өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жеңімпаз маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алады.

Рыбакина жапониялық қарсыласымен кездесуге биылғы US Open-де бірде-бір сет жоғалтпай келіп отыр. Бірінші айналымда Елена 17 жастағы америкалық Теа Фродинді 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Екінші кезеңде қазақстандық теннисші испаниялық Джессика Боусас Манейромен кездесіп, тағы да екі сетпен шектелді - 6:2, 6:4.

Әзірге Рыбакина үшін ең қиын кездесу үшінші айналымдағы Юлия Стародубцеваға қарсы матч болды. Алғашқы сет тай-брейкке дейін созылып, онда Елена 8:6 есебімен басым түсті. Кейін екінші партияны 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осака төртінші айналымға анағұрлым ауыр жолмен жетті. Турнирдің алғашқы кездесуінде ол Анастасия Захарованы екі тай-брейкте жеңді - 7:6 (8:6), 7:6 (7:3).

Екінші айналымда Наомиге чехиялық Катержина Синяковадан өту үшін үш сет қажет болды - 6:2, 5:7, 6:1.

Элизе Мертенске қарсы үшінші айналым матчы одан да тартысты өтті. Бельгиялық теннисші екінші партияны өз пайдасына шешіп, шешуші сетте соңына дейін күресті. Дегенмен Осака қарсыласын 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.

Осылайша, алдағы кездесуге дейін Рыбакина турнирде алты сет өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал Осака екі матчта үш сет ойнауға мәжбүр болды. Бұл жағдай 1/8 финал алдындағы қосымша факторлардың бірі болуы мүмкін.

Қарсыластар бір-бірін жақсы біледі. Олар 2026 жылдың тамызында Торонто турнирінің ширек финалында кездескен. Сол кезде Осака алғашқы сетті жеңіп алғанымен, Рыбакина матч барысын өзгертіп, 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сондықтан жеке кездесулерде қазақстандық теннисші 1:0 есебімен алда.

Рыбакина үшін алдағы матчтың маңызы ерекше. Елена бұған дейін US Open турнирінде 1/8 финалдан әрі асып көрмеген. Сондықтан Осакаға қарсы жеңіс оған мансабында алғаш рет Нью-Йорктегі жарыстың ширек финалына шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA рейтингінің бірінші орны үшін күресті жалғастырып жатыр. Төртінші айналымға шыққаннан кейін Рыбакинаны жартылай финалдан екі жеңіс бөліп тұр. Дәл осы нәтиже оған турнирдің кейінгі қорытындысына қарамастан әлемнің бірінші ракеткасы атануға кепілдік береді.

ФОТО: Getty images
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie