locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Польшада Рыбакинаның рейтингте бірінші орынға шығуына реакция білдірді

Қазақстандық теннисшінің еңбегі ақталып, бірінші орынға әбден лайық екені мойындалды
Польшада Рыбакинаның рейтингте бірінші орынға шығуына реакция білдірді
ФОТО: Getty Images

Польшаның Weszło басылымы Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атануына реакция білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Портал авторы Себастьян Важеха бұл жетістікке әбден лайық деп есептейді, дегенмен Рыбакинаның мұндай мәртебені қанша уақыт сақтай алатынына қатысты сұрақ қояды:

«2024 жылғы 21 қазанда Арина Соболенконың WTA рейтингінің шыңындағы екінші кезеңі басталды. Ол 99 аптаға созылды… енді беларусьтік теннисшінің 100 аптаға жетпейтіні белгілі. Бүгін Циньвэнь Чжэнді жеңген Елена Рыбакина US Open турнирінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін қамтамасыз етті.

Рыбакинаға тән сабырлылықпен ол аса эмоция білдірмеді — жұдырығын ғана түйіп, командасына қарады. Алайда бүгін ол өз есімін тарихқа жазды — WTA тарихындағы әлемнің 30-шы бірінші ракеткасы атанды. Әрі осы онжылдықтағы төртінші көшбасшы болды — бұл онжылдықты рейтинг көшбасшысы ретінде бастаған Эшли Бартиден, Ига Швёнтек пен Арина Соболенкодан кейін. Осы үш теннисшінің әрқайсысы рейтингтің шыңында жалпы саны жүз аптадан астам уақыт өткізді: Барти мансабын 121 аптамен аяқтады, Игада — 125, ал Соболенкода — 107 апта. Оның үстіне польшалық және беларусьтік теннисші бұл көрсеткішін әлі де арттыра алады.

Рыбакинаның билігі қанша уақытқа созылатынын алдағы апталар мен айларда білеміз. Алайда бұл орынның оған әбден лайық әрі еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістігі екені анық. Әлемдік рейтингтің шыңына дәл осы қазақстандық теннисшінің көтерілгенінде ешқандай кездейсоқтық жоқ», — деп жазады Weszło порталы.

Еске салайық, Рыбакина US Open турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылатын WTA рейтингі қорытындысы бойынша ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie