ФОТО: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, Нью-Йорктегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Сонымен қатар, Рыбакина мансабында үлкен жетістікке қол жеткізді. Жартылай финалға шығуы Еленаны әлемнің бірінші ракеткасы атандырды. Оның үстіне, ол турнирге қатысып жатқан басқа теннисшілердің нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады! Тіпті Рыбакина турнир жеңімпазы атанбай, жартылай финалда жарыстан шығып қалса да, оның рейтингтегі бірінші орнын ешбір қарсыласы тартып ала алмайды.
Бір қызығы, Рыбакина WTA ұйымы 1975 жылы әлемдік рейтингті енгізгеннен бері жекелей сында рейтинг көшін бастаған 30-шы теннисші атанады.
Еске салайық, US Open турнирінің алдыңғы кезеңдерінде қазақстандық теннисші Тея Фродинді (585-орын), Джессика Бусас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) жарыстан шығарды.