«Мұз ханшайымы»: Рыбакина матчтардағы салқынқандылығының сырын түсіндірді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина корттан тыс эмоциялары туралы айтып, сырт көзге сабырлы көрінуі оның ештеңені уайымдамайтынын білдірмейтінін мойындады, деп хабарлайды Sports24.kz Migu Video-ға сілтеме жасап.
Сұхбат барысында Рыбакинадан, оның ішінде «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалдарында да, шын мәнінде қобалжу мен эмоцияны дерлік сезінбейтіні рас па деп сұрады.
— Елена, сіз сондай сабырлы, салқынқанды әрі жинақысыз. «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалдарында да эмоция танытқаныңызды ешқашан көрген емеспін. Жалпы, өмірде болсын, бір кездері қобалжисыз ба?
— Әрине, мен қобалжимын, ашуланамын, білмеймін, түрлі эмоцияларды, қуанышты да сезінуім мүмкін. Бірақ соңғы бірнеше айда маған көп назар аударылғанын, кортта көп энергия жұмсағанымды сезіп жүрмін. Қазір барлық энергиямды матчтарға жетуі үшін сақтауға тырысамын.
2026 жылы Рыбакина «Үлкен дулығаның» екі титулын жеңіп алды. Қаңтарда ол Australian Open турнирінде топ жарса, қыркүйекте US Open чемпионы атанды. Финалда қазақстандық теннисші Арина Соболенконы ұтты.
Нью-Йорктегі жеңіс қазақстандық спортшыға мансабында алғаш рет WTA рейтингін басқаруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Рыбакина маусым қорытындысы бойынша өтетін турнирге қатысуын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Матчтар кезіндегі байсалдылығы үшін Рыбакина бұқаралық ақпарат құралдарында «мұз ханшайымы» деген лақап атқа ие болды.