locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сатпаев жарақатынан кейін жаттығуға оралды

Сатпаев бұған дейін жарақатына байланысты «Бернли» сапындағы бірнеше матчқа қатыса алмаған еді
Дастан Сатпаев жарақатынан кейін жаттығуға оралды
Дастан Сатпаев жарақатынан кейін жаттығуға оралды

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев жарақатынан кейін жаттығу процесіне оралды, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы футболшы Instagram парақшасында жаттығудан фотосуреттер жариялады. Суреттерден оның алаңда командасымен бірге жаттығып жүргенін көруге болады.

Сатпаев бұған дейін жарақатына байланысты «Бернли» сапындағы бірнеше матчқа қатыса алмаған еді.

Енді қазақстандық футболшы жаттығуға кірісіп, алаңға қайта оралуға дайындықты жалғастыруда.

Еске салайық, Сатпаев «Челсиден» жалға алу құқығымен «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүр. «Бордолылар» құрамында талантты қазақстандық төрт ресми матчқа қатысып үлгерді. Чемпионшипте ол «Вест Бромвичке», «Норвичке» және «Мидлсброға» қарсы ойнады, сондай-ақ Англия Лигалар кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчты негізгі құрамда бастады. Сатпаев әзірге Англияда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.

«Бернли» соңғы матчын 19 қыркүйекте өткізіп, өз алаңында «Дерби Каунтимен» 1:1 есебімен тең түсті. Келесі кездесу — «Уотфордқа» қарсы матч — 10 қазанда Уотфордтағы «Викаридж Роуд» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. «Бернли» сегіз матчтан кейін төрт ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы орнында тұр.

Бұған дейін «Бернлидің» Дастанға ерекше сыйлық жасағаны туралы хабарлаған едік.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie