locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мирра Андреева Елена Рыбакинаны басып озды: ресейлік теннисші қандай көрсеткіш бойынша үздік атанды

Андреева 2026 жылғы маусымды әйелдер теннисіндегі ең көп жеңіске жеткен спортшы ретінде аяқтады
Теннис
Мирра Андреева Елена Рыбакинаны басып озды: ресейлік теннисші қандай көрсеткіш бойынша үздік атанды
ФОТО: Getty images

Ресейлік теннисші Мирра Андреева 2026 жылғы маусымда WTA турнирлеріндегі жеңіс саны бойынша көш бастады. АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA-ның қорытынды турниріндегі жеңісінен кейін оның көрсеткіші 55-ке жетті. Осылайша, 19 жастағы спортшы 54 жеңіспен маусымды аяқтаған қазақстандық Елена Рыбакинаны басып озды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қорытынды турнир басталар алдында Андреева жеңіс саны жағынан отандасымыздан төрт матчқа қалып тұрған. Алайда бір аптаның ішінде ресейлік теннисші бұл айырманы жойып қана қоймай, алға шығып үлгерді.

Топтық кезеңде Мирра үш кездесуінің барлығында басым түсіп, жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы жеңді. Ал 15 қарашада өткен шешуші матчта украиналық Элина Свитолинаны 7:5, 6:3 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Бұл Андрееваның биылғы маусымдағы 55-ші жеңісі болды. Бір қызығы, ресейлік спортшы чемпиондық атаққа жету жолында қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Осылайша, Мирра 2026 жылды 55 жеңіс және 16 жеңіліспен қорытындылады. Сондай-ақ Индиан-Уэллстегі табыс оның биылғы маусымда жекелей сында жеңіп алған төртінші титулы болды.

Рыбакина неліктен көшбасшылықтан айырылды?

Елена Рыбакина маусымның басым бөлігінде жеңіс саны бойынша әйелдер арасындағы үздік көрсеткішке ие болды. Қазақстандық теннисші мансабындағы ең табысты жылдарының бірін өткізіп, 54 кездесуде жеңіске жетсе, 14 матчта қарсыластарына есе жіберді.

Әлемнің бірінші ракеткасы бұл көрсеткішті WTA-ның қорытынды турнирінде жақсарта алар еді. Ол жарысқа өткен жылғы чемпион ретінде қатысуға тиіс болатын. Алайда турнир басталардан аз уақыт бұрын вирустық ауруға байланысты жарыстан бас тартып, маусымды мерзімінен бұрын аяқтады.

Нәтижесінде Андреева қазақстандық теннисшіден небәрі бір жеңіске озып кетті.

Дегенмен жеңіс саны бойынша басымдыққа ие болғанымен, ресейлік спортшы әлемдік рейтингте Рыбакинаны басып оза алмады. Елена 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады. Ал Индиан-Уэллстегі сәтті өнерінің арқасында Андреева рейтингтің екінші сатысына көтерілді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie