locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рыбакина мен Гауфф матчының фаворитін атады

Евгений Кафельников Еленаның тамаша ойын көрсетуі мүмкін екенін айтты
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рыбакина мен Гауфф матчының фаворитін атады
ФОТО: Getty Images

Теннис аңызы Евгений Кафельников Елена Рыбакина мен Коко Гауфф арасындағы матчта екі теннисшінің де мүмкіндігін 50/50 деп бағалады және тартысты кездесу күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Коко Гауфф пен Елена Рыбакина арасындағы екінші жартылай финалға келсек, мұнда, меніңше, мүмкіндіктер 50/50. Себебі Гауфф кеше Мирра Андрееваны матчболдан кейін әрең жеңді, ал Рыбакина бәрібір өз мақсатына жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Мұның оның психологиялық жағдайына қалай әсер ететіні маңызды. Керісінше, бұл оған еркін ойнауға мүмкіндік беріп, тамаша матч көрсетуіне ықпал етуі мүмкін.

Бірақ тағы да айтамын, бұл кешкі сессия, Нью-Йорк, әрі қарсыласы – америкалық теннисші. Сондықтан мұнда бәрі 50/50. Қазір жеңімпазды бөліп-жарып айту маған қиын, бірақ бұл үш сетке созылатын эпикалық матч болады деп ойлаймын», – деп болжам жасады Кафельников.

11 қыркүйек күні таңертең Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шығу үшін күреседі. Оның қарсыласы – әлемнің төртінші ракеткасы Коко Гауфф. Кездесу Астана уақытымен 05:30-дан ерте басталмайды.

Бұған дейін біз Коко Гауффтың кім екенін және оның US Open-2026 жартылай финалы алдында Рыбакинаға несімен қауіпті екенін жазған болатынбыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie