locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кори Гауфф: Соболенко ойынға үстем болуын күшті соққылары және мықты психологиялық тұрақтылығы арқылы қамтамасыз етіп жүр

Америкалық теннисші финал алдындағы қарсыласы туралы пікір білдірді
Теннис
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Кори Гауфф: Соболенко доминирует благодаря подаче, менталитету и мощным ударам
ФОТО: Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы, АҚШ өкілі Кори Гауфф «Ролан Гаррос» финалы қарсаңында Арина Соболенконың басты артықшылықтарын атап өтті. Оның пікірінше, беларусьтік теннисшіні турда көшбасшы ететін үш негізгі фактор бар.

«Арина неге үстемдік етіп жүр? Бұл – оның допты керемет соғу қабілеті. Ол корттың кез келген нүктесінен қауіпті шабуыл жасай алады. Екіншіден – оның мықты сервисі. Үшіншісі және ең бастысы – оның менталитеті. Ол – нағыз күрескер. Есеп қандай болмасын, матчта қалып, соңына дейін күреседі. Тағы басқа да факторлар жетерлік, бірақ мен үшін шешуші үш қасиеті – соққысы, подачаcы және менталитеті», – деді Гауфф Punto de Break басылымына берген сұхбатында.

Финалдық ойынға қатысты американдық теннисші былай деді:

«Мен шабуылға шығуға дайын болуым керек. Ол бар күшін салып, алға ұмтылады. Бұл біз үшін шешуші сәт болады. Бұған дейін де әртүрлі матчтар өткіздік – кейде бір сет ұтып, кейде жеңілгенім бар. Бұл жолы да не боларын айту қиын, бірақ мен бұл кездесуді тағатсыздана күтіп жүрмін. Сондай-ақ бірінші ракеткамен ойнайтыныма қуаныштымын».

Айта кетейік, Кори Гауфф жартылай финалда Франция өкілі Лоис Буассонды 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Арина Соболенко Ига Швентекті жеңіп, шешуші матчқа шықты.

Соболенко Швентекке қарсы тарихи партиядан кейінгі әсерімен бөлісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie