Соболенко Швентекке қарсы тарихи партиядан кейінгі әсерімен бөлісті
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Париждегі «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалында Ига Швентекке қарсы үшінші партиядағы жеңісін (6:0) тарихи деп атады. Бұл белорусиялық теннисшінің ғана емес, бүкіл турнир тарихындағы ерекше сәт – Швентек алғаш рет орталық кортта бір де бір гейм ұтпай қалды.
«Шынымды айтсам, үшінші сеттің осылай аяқталғаны мені де таңғалдырды. Қайтадан дұрыс ритмді таптым, әсіресе подачамды жақсы бақылауға алдым. Осыдан кейін өз-өзіме: «Міне, енді сен өз подачаңа сенімдісің» деп айттым. Сонымен қатар қарсыласымның подачасына да көбірек қысым көрсете бастадым. Екінші гейм шешуші болды деп ойлаймын. Содан кейін мен мүлде жаңа деңгейге көтерілдім, қарсыласыма қысымды арттыра түстім. Алғашқы екі геймнен соң Швентек үлкен қысым астында қалды. Мен өзімді сенімді сезіндім және бұл өз нәтижесін берді», – деді Соболенко баспасөз мәслихатында.
Финалда Арина Соболенко америкалық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауффпен жолығады.
Янник Синнердің бапкері: Джоковичпен ойында бұл ұсақ дүниелер шешуші болуы мүмкін.