Финалға қатысушылар анықталды: әлемдік рейтингтің көшбасшыларының дуэлі
Нью-Йорк корттарында өтіп жатқан АҚШ-тың ашық чемпионатының (US Open-2025) ерлер арасындағы жекелей сынында финалға шыққандар белгілі болды.
Шешуші матчта әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысындағы теннисшілер кездеседі — Италия өкілі Янник Синнер мен Испанияның жұлдызы Карлос Алькарас.
Әлемнің бірінші ракеткасы Синнер жартылай финалда 27-орында тұрған канадалық Феликс Оже-Альяссимді қиын ойында төрт сетте тізе бүктірді — 6:1, 3:6, 6:3, 6:4.
Ал екінші жартылай финалда Алькарас өз мықтылығын дәлелдеп, әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған сербиялық Новак Джоковичтен айласын асырды. Испандық теннисші үш сетте жеңіске жетті — 6:4, 7:6, 6:2.
Айта кетейік, Янник Синнер — қазіргі US Open чемпионы. Алдағы финал турнирдің басты оқиғасына айналмақ. АҚШ-тың ашық чемпионаты 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтуде.