locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Синнер US Open-2025 финалына шықты: алда Алькарасқа қарсы дуэль

Әлемнің бірінші ракеткасы, Феликс Оже-Альяссимді ұтып, испандық қарсыласымен шешуші матчқа дайындалуда
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Синнер US Open-2025 финалына шықты: алда Алькарасқа қарсы дуэль
ФОТО: usopen инстаграм парақшасынан

6 қыркүйек күні Нью-Йорк корттарында АҚШ ашық чемпионатының ерлер арасындағы жекелей сынының жартылай финалы өтті.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Янник Синнер ATP тізіміндегі 27-орын иегері канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездесті.

Қарсыласу 3 сағат 20 минутқа созылып, итальяндық теннисшінің 6:1, 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

АҚШ. Ашық чемпионат. ATP. Жартылай финал.

Синнер – Феликс – 6:1, 3:6, 6:3, 6:4

Енді Синнерді турнирдің басты ойыны – әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған испандық Карлос Алькарасқа қарсы финал күтіп тұр. Екі жас жұлдыздың кездесуі теннистегі нағыз классикаға айналатыны сөзсіз.

Ерлер арасындағы US Open-2025 жарысы 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie