locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аңызға ешқандай мүмкіндік қалдырмады: Алькарас Джоковичті сүріндіріп, US Open финалына жолдама алды

Алькарас финалға жолдама алды
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Аңызға ешқандай мүмкіндік қалдырмады: Алькарас Джоковичті сүріндіріп, US Open финалына жолдама алды
ФОТО: Getty images

Испан теннисшісі Карлос Алькарас АҚШ-тың ашық чемпионатының финалына жолдама алды. Ол алғаш рет хард кортта Новак Джоковичті тізе бүктірді. Қарсыласу 2 сағат 23 минутқа созылып, үш сетте аяқталды — 6:4, 7:6(4), 6:2.

US Open-2025. Жартылай финал

Карлос Алькарас (Испания) — Новак Джокович (Сербия) — 6:4, 7:6(4), 6:2

Финалға дейін испандық теннисші бірқатар жарқын кездесулер өткізді. Ширек финалда ол Чехия өкілі Иржи Легечканы сенімді түрде жеңіп, үш партияда айқын басымдық көрсетті.

Енді Алькарас US Open-2025 титулы үшін өзге жартылай финалдың жеңімпазымен — Италиядан Янник Синнер немесе Канададан Феликс Оже-Альяссиммен күш сынасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie