locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінен бас тартты: себебі белгілі

Елена Рыбакина WTA-2026 қорытынды турниріне қатыспау туралы шешімін жариялады
Теннис
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінен бас тартты: себебі белгілі
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінен бас тартты: себебі белгілі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA-2026 қорытынды турниріне қатыспайтынын мәлімдеді. Спортшы бұл шешімін қарқынды маусымнан кейін қалпына келу қажеттілігімен түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакина жыл қорытындысы бойынша өтетін турнирге әлемнің бірінші ракеткасы әрі қазіргі чемпион мәртебесінде қатысуы тиіс еді. Алайда жарыс басталардан аз уақыт бұрын қазақстандық теннисші чемпиондық атағын қорғаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Жанкүйерлеріне жасаған үндеуінде Елена маусымның басты турнирлерінің бірін өткізіп алудың өзі үшін оңай емес екенін, алайда қазір денсаулығына көбірек көңіл бөлгісі келетінін айтты.

«Биыл WTA қорытынды турнирінде ойнай алмайтыным өкінішті. Маусым керемет өтті, дегенмен физикалық тұрғыдан жарыстарды жалғастыруға әлі дайын емеспін. Қазір үйде болып, демалып, 2027 жылға дейін толық қалпыма келгім келеді. Бұл турнир менің мансабымда ерекше орын алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін және наурыз айында Индиан-Уэллске оралуды асыға күтемін», - деді Рыбакина.

Қазақстандық теннисшінің орнын украиналық теннисші Марта Костюк басады. Ол америкалықтар Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ Чехия өкілі Линда Носковамен бір топта өнер көрсетеді.

Еске салайық, былтыр Рыбакина мансабында алғаш рет WTA қорытынды чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Эр-Риядта өткен жарыста ол бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, финалда Арина Соболенконы 6:3, 7:6 есебімен ұтты.

2026 жылғы маусым да қазақстандық спортшының мансабындағы ең сәтті кезеңдердің біріне айналды. Рыбакина Australian Open және US Open турнирлерінде чемпион атанып, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Алайда жылды WTA қорытынды турниріндегі ойынмен аяқтай алмайды.

Енді теннисші қалпына келуге және келесі маусымға дайындыққа назар аударады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie