«Ол қатты соққы жасайтын». Канело Головкинді өзіне ең қуатты қарсылас деп атады
Екінші орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес рингте кездескен ең қуатты боксшылардың кім болғанын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Меніңше, бұл — Головкин мен Джеймс Кирклэнд. Олар қатты соққы жасайтын, бірақ бұл менің шамам жетпейтін нәрсе болған жоқ», — деп жұлдызды мексикалықтың сөзін Boxing News Online келтіреді.
Еске салайық, Головкин кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізді. Оның қоржынында 42 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар. Ол Альвареспен үш рет жұдырықтасты, алайда оны жеңе алмады. Дегенмен көптеген сарапшы мексикалықпен өткен үш кездесудің екеуінде Геннадидің жеңісіне лайық болғанын айтқан. Альварестің кәсіпқой бокстағы 69 жекпе-жегінде 64 жеңісі, үш жеңілісі және екі тең нәтижесі бар. Ол тек жеңіліп көрмеген америкалықтар Флойд Мейуэзер мен Теренс Кроуфордтан, сондай-ақ ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілді.
