locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина WTA-ның ең сұлу теннисшілерінің қатарына енді

Шетелдік теннис жобасы қазақстандық спортшының сұлулығы мен сымбатын атап өтті
Теннис
Елена Рыбакина WTA-ның ең сұлу теннисшілерінің қатарына енді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ең сұлу өкілдері енген тізімге қосылды. Шетелдік The Topspin Academy жобасының авторлары X әлеуметтік желісінде спортшыға арнайы жарияланым арнады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жарияланым авторлары Рыбакинаның табиғи сұлулығын, сымбатын және өзіне деген сенімділігін атап өтті. Бұл қасиеттер оны теннис кортында да, одан тыс жерде де даралайды.

«Сымбаттылығы, табиғи сұлулығы мен сабырлы сенімділігі оны теннис кортында да, одан тыс жерде де ерекшелендіреді. Елена Рыбакина әйелдер теннисінде айрықша орын алады. Нәзік келбеті, әсерлі көздері мен табиғи стилі оған көзге бірден түсетін байсалды сымбат сыйлайды», - делінген жарияланымда.

Авторлар қазақстандық спортшының матч кезінде де, корттан тыс жерде де сабырлы қалпын атап өтті. Олардың пікірінше, Рыбакина қазіргі теннистегі ең көзге түсетін спортшылардың бірі болып қалу үшін өзіне артық назар аудартуға мұқтаж емес.

«Уимблдон чемпионы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы әрі қазіргі WTA турындағы ең танымал тұлғалардың бірі Рыбакина спорттағы мінсіз шеберлікті айрықша сымбатымен ұштастырады. Ол назар аударту үшін даурығуы керек емес. Сымбаттың ерекше үлгісі. Чемпионға тән болмыс», - деп қосты жоба авторлары.

Айта кетейік, 2026 жыл 27 жастағы теннисшінің мансабындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. Рыбакина Australian Open мен US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады.

Сонымен қатар, қазан айында қазақстандық теннисші Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұған дейін ол 2025 жылы WTA қорытынды турнирінде де топ жарған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie