locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды
Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты?
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина мансабындағы ең сәтті US Open турнирін өткізіп жатыр. Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффты жеңіп, алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының шешуші матчына жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Рыбакина үшін оңай басталған жоқ. Ол алғашқы сетте 3:6 есебімен жеңілді. Алайда екінші партияда ойын өрнегін өзгертіп, сенімдірек қимылдай бастады және есепті теңестірді - 6:4. Шешуші сетте де Елена басымдық танытып, 6:4 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Бұған дейін оның Нью-Йорктегі ең үздік нәтижесі төртінші айналым болатын.

Финалға шығу Еленаға тарихи нәтижемен бірге қомақты сыйақы да әкелді. Қазақстандық теннисші шешуші матчқа жеткені үшін 2,8 миллион доллар алатынына кепілдік берді.

Сонымен қатар Рыбакина финалға шыққаны үшін 1300 рейтингтік ұпай алады. Егер ол турнир чемпионы атанса, бұл көрсеткіш 2000 ұпайға дейін өседі, ал жүлде қоры 5,5 миллион долларды құрайды.

US Open-2026 турнирінде Рыбакина финалға дейін алты қарсыласын жеңді. Алғашқы айналымда ол Тея Фродиннен басым түсті. Кейін Джессика Боусас Манейро мен Юлия Стародубцеваны жарыстан шығарды. 1/8 финалда Наоми Осаканы жеңсе, ширек финалда Чжэн Циньвэньге қарсы матчта камбэк жасады.

Дәл сол Чжэнге қарсы жеңіс Рыбакина үшін тағы бір тарихи межеге айналды. Жартылай финалға шығуының арқасында ол жаңартылған WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілетініне кепілдік берді.

Енді Еленаны турнирдің басты матчы күтіп тұр. US Open-2026 финалында ол Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Беларусь теннисшісі өз жартылай финалында Джессика Пегуланы жеңді.

Рыбакина үшін бұл US Open-дегі алғашқы титулын жеңіп, мансабындағы тағы бір «Үлкен дулыға» жүлдесін иеленуге мүмкіндік береді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie