locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғаны үшін қандай трофей алады

Елена Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінің көшіне шығып, Chris Evert WTA World No.1 Trophy жүлдесін алады
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғаны үшін қандай трофей алады
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінен кейін алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің бірінші сатысына көтеріледі. Жаңа мәртебесімен бірге қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атанған спортшыларға табысталатын Chris Evert WTA World No.1 Trophy арнайы жүлдесін алады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Трофей аты аңызға айналған америкалық теннисші Крис Эверттің құрметіне аталған. Ол 1975 жылы WTA-ның компьютерлік рейтинг жүйесі енгізілгеннен кейін әлемнің алғашқы бірінші ракеткасы атанған.

Жүлде биік тұғырға орнатылған күміс теннис добы түрінде жасалған. Тұғырында әлем картасы бейнеленген, ал трофейге әр жылдары әйелдер теннисінің шыңына көтерілген спортшылардың есімдері жазылады. Енді бұл тізімге Рыбакинаның да аты қосылады.

ФОТО: Getty images

Елена әлемдік рейтингтегі бірінші орнын US Open ширек финалынан кейін-ақ қамтамасыз етті. Бұл кезеңде ол Париж Олимпиадасының чемпионы Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, турнир аяқталғаннан кейін Арина Соболенконы рейтингте басып озуға жеткілікті ұпай жинады.

Рыбакина мұнымен тоқтаған жоқ. Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті. Алғашқы сетте 3:6 есебімен жол берген Елена матчтың барысын өзгертіп, келесі екі партияны 6:4, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты.

Нью-Йорктегі шешуші кездесуде оның қарсыласы дәл қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко болады. US Open турнирінің соңғы екі дүркін жеңімпазы жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, финалдың өзіндік символдық мәні бар: Соболенко кортқа әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы ретінде шықса, Рыбакина турнирден кейін оның орнын басатынын қазірдің өзінде біледі.

Елена үшін US Open финалы тарихи маусымды одан әрі жарқын етуге мүмкіндік береді. Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіне қоса, Нью-Йорктегі алғашқы чемпиондығын және мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алуға таласады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie