locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина 2026 жылы қанша табыс тапты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабындағы ең табысты маусымын аяқтады
Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылы қанша табыс тапты
ФОТО: Getty images

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылы өткен турнирлерден 11 134 420 доллар жүлдеақы алды. Қазақстандық спортшы осы көрсеткіш бойынша әйелдер теннисінде бірінші орынға көтеріліп, ең жақын қарсыласынан үш миллион долларға жуық артық табыс тапты, деп хабарлайды Sports24.kz.

WTA ұйымының ресми мәліметіне сәйкес, Рыбакинаның биылғы табысының басым бөлігі «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістерінен түскен. Ең қомақты сыйақыны ол қыркүйек айында US Open жарысында чемпион атанғаны үшін алды. Нью-Йорктегі жеңіс қазақстандық теннисшіге 5,5 миллион доллар әкелді. Бұл оның маусым бойы тапқан жүлдеақысының жартысына жуығын құрайды.

Қаңтар айында Мельбурндегі жетістігі де Елена үшін қаржылық тұрғыдан маңызды болды. Australian Open турниріндегі чемпиондығы үшін ол 4,15 миллион Аустралия долларын иеленді. Ол кездегі бағам бойынша бұл шамамен 2,8 миллион АҚШ долларына тең.

Бұдан бөлек, Рыбакинаның табысын Штутгарт пен Нинбода өткен WTA 500 турнирлеріндегі чемпиондықтары толықтырды. Сондай-ақ Индиан-Уэллс пен Торонтодағы WTA 1000 жарыстарының финалына шығуы да қомақты жүлдеақы әкелді.

Кортта тапқан табысы бойынша қазақстандық теннисші Арина Соболенкодан озып кетті. Беларусь өкілі маусым ішінде 8 135 243 доллар жүлдеақы алған. Бұл Рыбакинаның көрсеткішінен үш миллион долларға жуық аз.

Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы Еленаның турнирлерден тапқан табысы 8 456 632 доллар болған. Демек, биыл ол өткен маусыммен салыстырғанда 2 677 788 долларға артық жүлдеақы иеленді. Оның үстіне денсаулығына байланысты WTA қорытынды турниріне қатыса алмағанын да ескерген жөн.

Айта кетейік, аталған сомаға тек жарыстарда көрсеткен нәтижелері үшін берілген жүлдеақы кіреді. Жарнамалық келісімшарттар мен демеушілерден түсетін табыс есепке алынбаған.

Рыбакина 2026 жылғы маусымды төрт чемпиондық атақпен аяқтады. Ол 54 кездесуде жеңіске жетіп, 14 рет жеңіліс тапты. Сонымен қатар мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көш басына көтеріліп, жыл қорытындысы бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті.

ФОТО: Getty images
Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie