locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дэйв Майли: «Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогіне қатысу — Қазақстан теннисінің дамуының маңызды көрсеткіші»

Мысырда 16 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы теннистен командалық әлем чемпионаты — жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогінің (Junior Davis Cup Finals) финалдық кезеңі өтіп жатыр
Теннис
ФОТО: ФТК

Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Дэйв Майли турнирдің маңызы, ұлттық құраманың болашағы және қазақстандық жасөспірімдердің халықаралық аренадағы жетістіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жарыстың финалдық кезеңіне әлемнің ең мықты 16 командасы қатысып жатыр. Қазақстан Франция, АҚШ және Үндістан құрамаларымен бір топта өнер көрсетуде. Ұлттық құрама сапына Родион Трайгель, Ансар Ниеткалиев және Ахмади Маханов енді. Команданың капитаны — Сергей Квак.

Дэйв Майлидің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогі әлемдік теннистің болашақ жұлдыздарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

«Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогі — жас теннисшілер үшін ең маңызды турнирлердің бірі. Әр жылдары мұнда Новак Джокович, Энди Маррей және Карлос Алькарас өнер көрсетіп, кейін әлемдік теннистің жұлдыздарына айналды. Бүгінде біздің спортшылар өз жас санатындағы ең мықты ойыншылармен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие. Бұл — баға жетпес тәжірибе әрі олардың кәсіби дамуының маңызды кезеңі», — деді Дэйв Майли.

ҚТФ атқарушы директоры сондай-ақ Қазақстан құрамасының 2024 жылы Аустралияда өткен турнирдегі тарихи нәтижесін еске салды.

«Екі жыл бұрын Зангар Нурланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабековтен құралған командамыз әлемде бесінші орын алды. Бұл Қазақстан үшін айтулы жетістік болды. Бүгінде Родион Трайгель, Ансар Ниеткалиев және Ахмади Маханов осы дәстүрді жалғастырып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп жүр. Жасөспірімдеріміздің әлемнің үздік теннисшілерімен бәсекелесе алуы Қазақстан теннисінің әлеуеті жоғары екенін көрсетеді», — деп атап өтті ол.

Дэйв Майли қазіргі ұлттық құраманың мүмкіндіктеріне де сенім білдірді.

«Біздің құрамамыз мықты, ал Сергей Квак бастаған жаттықтырушылар штабының тәжірибесі мол. Топтағы қарсыластарымыз оңай болмаса да, жігіттерімізге сенеміз және лайықты нәтиже күтеміз. Мұндай жарыстар ойыншылардың шеберлігін жетілдіруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстан теннисінің болашақтағы жетістіктеріне негіз қалайды», — деп қорытындылады ҚТФ атқарушы директоры.

Еске салайық, топтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан Франциямен кездесті. Бүгін, 3 қарашада, ұлттық құрама АҚШ-қа қарсы ойнайды, одан кейін топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Үндістан құрамасымен өткізеді.

Тек Beeline клиенттеріне Қазақстан бойынша Starlink спутниктері арқылы алғашқы ғарыштық мобильді байланыс қолжетімді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie