locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данилина US Open-2026 турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатыр
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open-2026 турнирінің жұптық разрядындағы жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші Сербия өкілі Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық-сербиялық дуэт Алекса Гуарачи (Чили) / Маяр Шериф (Мысыр) жұбымен кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті — 7:5, 7:6 (9:7).

Жарыстың екінші айналымында Данилина мен Крунич Цзян Синьюй (Қытай) / Чжан Шуай (Қытай) — София Кенин (АҚШ) / Анастасия Потапова (Австрия) жұптары арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылы US Open турнирінің жұптық разрядындағы жүлде қоры 5 060 000 долларды құрайды.

Еске салайық, бұған дейін Данилина мен Крунич WTA қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз еткен еді. Теннис маусымы барысында жұп 14 турнирге қатысып, 5518 ұпай жинады. Бұл оларға әйелдер арасындағы жұптық рейтингте үшінші орынға кепілдік беріп, 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алуға жеткілікті болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie