Данилина мен Крунич US Open-2026 турнирінен шығып қалды. Не болды?
Анна Данилина мен Александра Крунич US Open-2026 турнирінің жұптық разрядындағы матч барысында жарысты жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Sports24.kz.
1/16 финалдағы кездесуде Данилина мен сербиялық теннисші түркиялық-германиялық Зейнеп Сөнмез және Татьяна Мария жұбына қарсы ойнады. Алайда Круничтің сол жақ тізесінен алған жарақатына байланысты қазақстандық-сербиялық жұп матчты жалғастыра алмай, турнирден шығып қалды.
US Open-2026 турнирінің жұптық разрядында Сөнмез бен Марияның келесі қарсыластары АҚШ өкілдері Робин Монтгомери мен Эшлин Крюгер болады.
АҚШ ашық чемпионатының жұптық разрядындағы алғашқы матчында Данилина мен Крунич чилилік-мысырлық Алекса Гуарачи мен Маяр Шериф жұбын екі сетте – 7:5, 7:6 есебімен жеңген еді.
Еске салайық, US Open-нің жекелей разрядында Елена Рыбакина өнер көрсетуін жалғастырып жатыр. 1/8 финалда оны Осакамен кездесу күтіп тұр. Матч 7 қыркүйекте өтеді және Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Бұл қарсыластықтың жеңімпазы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алады.