«Бернли» — «Чарльтон». Сатпаев ойнай ма? Онлайн көру
13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Англияның «Бернли» командасы Чемпионшиптің оныншы турында «Чарльтонды» қабылдайды. Бұл кездесу алаң иелері сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев үшін өзін көрсетуге берілетін кезекті мүмкіндік болуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Тоғыз турдан кейін «Бернли» жеті ұпай жинаса, «Чарльтонның» еншісінде 13 ұпай бар.
Чемпионаттағы алдыңғы матчында Сатпаевтың командасы сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен ірі есеппен жеңді. Бұл жеңіс «Бернли» үшін Чемпионшиптің осы маусымындағы алғашқы жеңісі болды. Ал «Чарльтон» соңғы матчында өз алаңында «Бристоль Ситимен» 1:1 есебімен тең түсті.
Сатпаев «Бернли» сапында бес матч өткізді, алайда әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Ол жарақатына байланысты төрт кездесуді өткізіп алды. Кейін қалпына келіп, «Уотфордқа» қарсы ойында алаңға қайта оралды және екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шықты.