Бублик Полдан жеңілгеніне бруталды түрде пікір білдірді
Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open-2026 турнирінде америкалық Томми Полдан жеңілгеніне бруталды түрде пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бублик турнирдің үшінші айналымында әлемнің 21-ракеткасы Том Полға жеңіліп, АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шыға алмады.
«Идея үшін берілген жоқпын, бірақ ыстықта жүгіріп, под***бался», – деп жазды Бублик жеңілістен кейін өзінің Telegram-арнасында.
Турнир барысында Бублик әлемдік рейтингте 253-орында тұрған америкалық Джеффри Вулф пен 67-орындағы француз Адриан Маннариноны жеңді.
Айта кетейік, Александр жұптық сындағы өнерін Қытай өкілі Шан Цзюньчэнмен бірге жалғастыруда.
Еске салайық, Александр Шевченко мен Юлия Путинцева да Нью-Йорктегі жекелей сындағы жарысты тоқтатты. Ал Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Екінші айналымдағы матчта қазақстандық теннисші испаниялық Джессика Бузас Манейроны сенімді түрде жеңді.