locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллсте алғашқы қарсыластарын білді

ФОТО: gettyimages.com

Индиан-Уэллсте өтетін ATP 1000 турнирінің ерлер сеткасына жеребе тартылды.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемдік рейтингте 82-орында) жарысты бірінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы іріктеу кезеңінен өткен ойыншылардың бірі болмақ. Егер Бублик келесі кезеңге өтсе, онда екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 98-орын) да бірінші айналымнан бастайды. Ол 83-орында тұрған австралиялық Ринки Хиджикатамен ойнайды. Бұл жұптың жеңімпазы екінші айналымда америкалық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Брендон Накашимаға қарсы шығады.

Турнир 5-17 наурыз аралығында өтеді. Жеңімпаз 1000 рейтингтік ұпай мен 1 миллион доллар жүлде алады.

Алдын біз әйелдердің жеребе нәтижелерін айтып едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie