Индиан-Уэллс жеребесі: Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қарсыластары кім?
Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турнирінің әйелдер арасындағы жеребесі өткізілді.
Қазақстандық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Мария Боузкова (Чехия, әлемдік рейтингте 50-орында) мен Сюзан Ламенс (Нидерланды, 64-орында) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 20-орында) да турнирге екінші айналымнан қосылады. Оның қарсыласы – әлемнің 59-ракеткасы чехиялық Катержина Синякова.
Турнир 5-16 наурыз аралығында өтеді. Жеңімпаз 1000 рейтингтік ұпай мен шамамен 1 миллион доллар сыйақы алады. Жалпы жүлде қоры – 9 миллион доллар.
Қазіргі уақытта Индиан-Уэллстің чемпиондық атағы әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекке тиесілі.
Алдын біз, Михаил Кукушкин АТР 1000 Индиан - Уэлс турнирінің негізгі жарысына бір табан жақын тұрғанын хабарлаған едік