ATP жаңартылған рейтингі: Бублик Дубайдағы сәтсіздіктен кейін төмендеді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялап, әлемнің үздік ойыншыларының позицияларындағы өзгерістерді көрсетті. Италиялық Янник Синнер көшбасшылығын сақтап қалды, ал екінші және үшінші орындарда тиісінше неміс Александр Зверев пен испандық Карлос Алькарас орналасты.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик рейтингте айтарлықтай төмендеп, бірден 81-орынға сырғыды. Бұл өзгеріс оның Дубайда өткен турнирде сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты болды. Ол алғашқы айналымда жеңіліп, өткен жылы финалға шыққаны үшін алған ұпайларын қорғай алмады.
Тағы бірқатар қазақстандық теннисшілердің де позициялары өзгерді. Александр Шевченко үш саты төмендеп, 98-орынды иеленді. Михаил Кукушкин 27 орынға төмендеп, 166-орынға тұрақтады. Ал Тимофей Скатов бір саты төмен түсіп, 182-орынға жайғасты.
Жұптық сайыстарда көшбасшылар өзгеріссіз қалды: Сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич рейтингтің басында тұр, ал үшінші орында британдық Генри Паттен. Қазақстандық Александр Недовесов бір саты төмендеп, 70-орынға түсті, ал Бублик жеті орын жоғары көтеріліп, 129-орынға жайғасты.
Алдын біз, Жаңартылған WTA рейтингін жариялаған едік.