locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисшілер Азиада-2026-ны сәтті бастады: құрама қандай нәтиже көрсетті?

Қазақстан теннисшілері Азиаданы сәтті түрде бастады
Қазақстандық теннисшілер Азиада-2026-ны сәтті бастады: құрама қандай нәтиже көрсетті?
ФОТО: Никита Басов

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан теннисшілері алғашқы матчтарын сәтті өткізді. Ұлттық құрама өкілдері жарыстың алғашқы күнінде төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Соня Жиенбаева алғашқы кезеңнен сенімді өтті. 1/16 финалда қазақстандық теннисші Гонконг өкілі Адитья Карунаратнені екі сетте жеңді - 6:1, 7:5.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Юлия Путинцева да турнирді сәтті бастады. Ол Пәкістан өкілі Ушна Сухаилға бар болғаны бір гейм беріп, 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы жұптық сында да қазақстандықтар жеңіспен бастады.

Александр Шевченко мен Тимофей Скатов 1/16 финалда Гонконг жұбын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық дуэт - Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев та Гонконг спортшыларынан басым түсті. Кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.

Осылайша Қазақстан теннисшілері алғашқы бағдарламаны төрт матчтағы төрт жеңіспен аяқтап, Азиада жүлделері үшін күресті жалғастырады.

Сондай-ақ осы күні қазақстандықтар аралас жұптық сындағы іріктеу кезеңінде де кортқа шығады.

Қазақстанның қоржынында тоғыз алтын бар

Қазақстан құрамасы Азиада-2026-дағы медаль санын арттыруды жалғастырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық құраманың қоржынында тоғыз алтын медаль бар.

Тоғызыншы алтынды Қазақстанға жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева әкелді. Ол марафондық қашықтықтағы спорттық жүрісте 3:22:20 нәтижесімен мәреге бірінші жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Енді Қазақстанның жаңа жүлделер үшін күресі Жапониядағы теннис корттарында да жалғасады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie