locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азиада-2026-ның тоғызыншы алтынын әкелді

Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын медаль жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азиада-2026-ның тоғызыншы алтынын әкелді
ФОТО: Арлан Олжабай

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ұлттық құрама өкілі марафондық қашықтықтағы спорттық жүрісте топ жарып, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тоқсанбаева жарыстың алғашқы бөлігінен-ақ көшбасшылар қатарында болды. Қашықтық ұзарған сайын қазақстандық спортшы негізгі қарсыластарынан біртіндеп ұзап, мәреге бірінші жетті. Оның нәтижесі - 3 сағат 22 минут 20 секунд.

Екінші орынды Қытай спортшысы Ланьчжэнь Гоцзун иеленді. Ол қашықтықты 3:26:09 уақытында аяқтады. Осылайша Токсанбаева күміс жүлдегерден төрт минутқа жуық уақыт бұрын мәреге жетті. Тағы бір қытайлық Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен қола медаль алды.

Жарыс қорытындысы:

1. Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) - 3:22:20
2. Ланьчжэнь Гоцзун (Қытай) - 3:26:09
3. Ма Ли (Қытай) - 3:32:26

Бұл жеңіс 21 жастағы қазақстандық спортшының мансабындағы ең ірі нәтижелерінің біріне айналды. Тоқсанбаева соңғы бірнеше маусым бойы Қазақстан құрамасының спорттық жүрістегі негізгі өкілдерінің бірі саналып, ірі халықаралық жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп келеді.

2026 жылдың наурызында ол Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Жартылай марафондық қашықтықта Тоқсанбаева 1:37:17 нәтижесін көрсетіп, тек Қытай өкілі Чжан Тинге есе жіберді.

Бір жыл бұрын Ясмина 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сол жарыста ол 1:32:22 нәтижесін көрсетіп, жеке рекордын жаңартқан еді.

Азиада-2026-да Тоқсанбаева марафондық спорттық жүріске қатысып, жарыс алдында Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасының негізгі үміттерінің бірі ретінде қарастырылды.

Ясминаның алтыны Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі болды. Жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында 35 медаль - сегіз алтын, сегіз күміс және 19 қола жүлде болған.

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 жарыстары 4 қазанға дейін жалғасады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie