Видео: Хамзат Чимаев RAF турнирінің басты бәсекесінде Тайрон Вудлиді мерзімінен бұрын жеңді
Хамзат Чимаев Real American Freestyle турнирінің басты бәсекесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлиді мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Белдесу алғашқы раундта-ақ аяқталды. Чимаев қарсыласына өзіне ыңғайлы күрес мәнерін таңып, партерде басымдыққа ие болды және туше арқылы жеңіске жетті.
Бұл Хамзаттың RAF лигасындағы екінші кездесуі болды. Бұған дейін ол америкалық Диллон Дэнисті жеңген еді.
Чимаев MMA ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың мамырында Шон Стриклендке қарсы өткізді. Сол кездесуде ол кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, UFC-дің орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен айырылды. Қазір оның еншісінде 15 жеңіс пен бір жеңіліс бар.
Ал Тайрон Вудли ұзақ үзілістен кейін қайта жарыс жолына шықты. Оның MMA-дегі соңғы жекпе-жегі 2021 жылы UFC 260 турнирінде өтіп, америкалық Висенте Люкеге есе жіберген. Вудлидің рекорды - 19 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең есеп.
Вудлиді жеңген Чимаев Real American Freestyle лигасындағы сәтті сериясын жалғастырып, күрестегі мықты қырын тағы бір мәрте көрсетті.