locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар финалында Қырғызстанға қалай есе жіберді

Қазақстан құрамасы чемпиондық атағын қорғай алмай, турнирді күміс жүлдемен аяқтады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Видео. Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар финалында Қырғызстанға қалай есе жіберді
ФОТО: Байбори Кудайберген

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бәсекесі мәресіне жетті. Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы турнир қожайындары - Қырғызстан командасымен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан үшін бұл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қырғызстанға қарсы қатарынан үшінші финал болды. Алдыңғы екі шешуші кездесуде Қазақстан жеңіске жеткен еді, алайда бұл жолы алаң иелері есе қайтарды.

Финал тартысты басталғанымен, ойын барысында Қырғызстан құрамасы басымдығын ұлғайта алды. Әрқайсысы 20 минуттан тұратын екі таймның қорытындысы бойынша алаң иелері 7:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленді.

Осылайша, Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы чемпиондық атағын қорғай алмады және жарысты күміс медальмен аяқтады.

Финалға дейін қазақстандық көкпаршылар қарсыластарын сенімді түрде жеңіп өтті. Алдымен Қазақстан Ресей құрамасын 14:1 есебімен ойсырата ұтса, кейін Венгриядан 9:4 есебімен басым түсті.

Көкпардан қола жүлде Ресей құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ресейліктер Өзбекстанды 5:4 есебімен жеңді.

Бұған дейін осы күні Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрі финалында да кездескен. Ол ойында алаң иелері 12:0 есебімен жеңіске жетті.

Назарларыңызға Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы көкпар финалының шолуын ұсынамыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie