Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қырғызстанға финалда есе жіберді
Қазақстан құрамасы Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші кездесуде қазақстандықтар турнир қожайындары - Қырғызстан құрамасымен кездесті. Финал біздің команда үшін оңай болған жоқ: қарсылас басымдыққа ие болып, ойынды 7:2 есебімен жеңіспен аяқтады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Көкпар. Финал
Қырғызстан - Қазақстан - 7:2
Қазақстан бұл турнирге қазіргі чемпион мәртебесінде келген еді. Финалға дейін команда қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, Ресейді 14:1, ал Мажарстанды 9:4 есебімен ұтты.
Алайда шешуші ойында чемпиондық атақты қорғау мүмкін болмады. Қырғызстан өз жеріндегі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтынын иеленсе, Қазақстан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін осы күні Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары тағы бір финалда - көк бөріден кездескен. Ол матчта да алаң иелері 12:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күніндегі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі финал да алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қазақстан көкпар мен көк бөріден күміс жүлде иеленді.