locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Снайдер Астанадағы әлем чемпионатында Садулаевтың қарсылығын басты. Айтмұхан медальсыз қалды

Айтмұханның жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігі Садулаевтың финалға шыға алуына байланысты еді
Басқа спорт түрлері
Снайдер Астанадағы әлем чемпионатында Садулаевтың қарсылығын басты. Айтмұхан медальсыз қалды
Снайдер Астанадағы әлем чемпионатында Садулаевтың қарсылығын басты. Айтмұхан медальсыз қалды

Кайл Снайдер Абдулрашид Садулаевты жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

97 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда америкалық балуан Кайл Снайдер ресейлік Абдулрашид Садулаевтан басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Ал Айтмұханға не болды?

Өкінішке қарай, қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Алғашқы белдесуінде ол екі дүркін Олимпиада чемпионы, Ресей өкілі Абдулрашид Садулаевтан 1:4 есебімен жеңілді.

Айтмұханның жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігі Садулаевтың финалға шыға алуына байланысты еді.

Алайда ширек финалда ресейлік балуан АҚШ өкілі, Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерден жеңіліп, финалға өте алмады. Осылайша Ризабек қола медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан өз алаңында өткен әлем чемпионатын медальсыз аяқтады.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie