locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Карпович «Елімай» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Алдағы матчта бас бапкер міндетін атқару Серікбек Қаппаровқа жүктелді
Футбол
фото: ФК "Елимай"

«Елімай» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен екі тараптың өзара келісімі бойынша ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Андрей Владимирович команданы 2023 жылғы 7 қарашада басқарды және қайта жаңғырған «Елімайдың» жаңа тарихының маңызды бөлігіне айналды.
Оның басшылығымен клуб қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңінен өтті. 2024 жылғы маусымда «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында өз орнын нық бекітсе, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында төртінші орын алып, УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды», - делінген клуб хабарламасында.

2026 жылдың шілдесінде команда алғаш рет еуропалық аренаға шығып, құрлықтық клубтық турнирлердегі дебютін еревандық «Алашкертке» қарсы матчтарда жасады. Бұл оқиға клуб үшін ғана емес, жалпы семейлік футбол үшін де маңызды белеске айналды.

««Елімай» ФК Андрей Владимировичке кәсібилігі, өз ісіне адалдығы, атқарған жұмысы және команданың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Оның басшылығымен қол жеткізілген нәтижелер клубымыздың тарихының ажырамас бөлігі болып қала береді. Андрей Карповичпен бірге клубтан Фёдор Симиниди де кетеді. Андрей Владимирович пен Фёдор Анатольевичке бірлескен жұмысы, «Елімайды» қайта жаңғырту мен қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Бірге жүріп өткен жолымызды жоғары бағалаймыз және Андрей Владимичке мен Фёдор Анатольевичке алдағы кәсіби қызметінде табыс тілейміз!» - деп қосты клуб өкілдері.

Алдағы матчта бас бапкер міндетін атқару семейлік футболдың түлегі, клубтың жастар командасының жаттықтырушысы Серікбек Қаппаровқа жүктелгені атап өтілді.

«Елімай» ФК маусымдағы соңғы матчын 31 қазанда сағат 15:00-де «Спартак» стадионында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткізеді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie