locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қарсылық көрсетті»: Садулаев Астанадағы әлем чемпионатында Айтмұханмен белдесуі туралы пікір білдірді

Абдулрашид Садулаев – екі дүркін Олимпиада чемпионы
Басқа спорт түрлері
ФОТО: Дирекция развития спорта РК

Ресейлік атақты балуан Абдулрашид Садулаев күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұханмен болған белдесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Белдесуден кейін журналист Вячеслав Абдусаламов Садулаевтан қазақстандық спортшы туралы қандай пікірде екенін сұрады.

«Жаман емес. Қарсылық көрсетті», - деп жауап берді ресейлік балуан.

Сондай-ақ журналист Садулаев алдымен қарсыласын бақылап алып, содан кейін белсендірек әрекет етуді шешті ме деп сұрады. Ресейлік балуан бұл болжамды растады.

Бұдан бөлек, Абдусаламов Садулаевтың екінші белдесуге дайындалып қойған-қоймағанын сұрады. Балуан бұл сұраққа оң жауап берді.

Еске салайық, Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды.

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз іріктеу кезеңінде Ресей өкілі, екі дүркін Олимпиада және алты дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевпен кездесті. Айтмұхан қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie