Самалай Ерғалиева Исламиада-2025-тен қола медаль әкелді
Қазақстан қоржынына тағы бір дзюдо медалі түсті
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Самалай Ерғалиева Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлады.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Самалай Ерғалиева жартылай финалда Қырғызстан спортшысы Адина Кочконбаевадан ұтылып, қола медаль үшін белдесуге шықты.
Үшінші орын үшін өткен шешуші жекпе-жекте Ерғалиева Ирандық Самира Хакакты жеңіп, Қазақстан қоржынына маңызды медаль салды.
Бұған дейін осы Сауд Арабиясында өтіп жатқан ойындарда Қазақстанның дзюдо құрамасы екі күміс медаль жеңіп алған болатын. Ел қоржынына жүлделерді Ержан Еренқаипов пен Шерзод Давлатов салды.
