locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Исламиада-2025: Дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды

Финалда ол өзбекстандық спортшыға есе жіберді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан дзюдо құрамасы екінші күміс медальға қол жеткізді. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлайды.

Ержан Еренқайыпов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс тұғырға көтерілді.

Финалдық жекпе-жекте біздің дзюдошы Өзбекстан өкілі Замохшари Бекмұрадовқа жол берді.

Осы сағатта Эр-Риядтағы жарыста қазақстандық дзюдошылардың еншісінде екі күміс жүлде бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов екінші орын алған еді.

Бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен әлем кубогының кезеңінде үш медаль, оның ішінде алтын жүлде де жеңіп алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie