Шерзод Давлатов Қазақстанға Ислам ынтымақтастық ойындарындағы алғашқы медальды сыйлады
Ол осы ойындардағы еліміздің алғашқы медалін әкелді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстан дзюдо командасының өкілі Шерзод Давлатов Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.
Алдымен жартылай финалда Шерзод Давлатов Мысыр балуаны Махмуд Хуссейнді тізе бүктірді. Финалда отандасымыз түркиялық Салих Йылдызға үш ескерту алып, жол берді.
Айта кету керек, Давлатовтың күміс медалі – Сауд Арабиясында өтіп жатқан Исламиада-2025 додасында Қазақстан құрамасының алғашқы медалі.