Садулаев күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында мәлімдеме жасады
Күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатында Ресей құрамасы сапында өнер көрсету құқығына ие болғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
- Сондай-ақ оқыңыз: Қазақстанның әнұраны екі рет шырқалды: балуандар әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды
«Ассаламуғалейкум, баршаңызға! Астанада өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығы үшін іріктеу белдесуі аяқталды.
Магомед Курбановпен кездесу мен үшін үлкен сынақ әрі Қазақстандағы дода басталар алдындағы күшімді жақсы тексеру болды. Біздің салмақта бірден төрт Олимпиада чемпионы бас қосады. Меніңше, бұл тарихтағы ең бәсекелі әлем чемпионаты болмақ, сондықтан осы белдесуді үлкен қызығушылықпен күтіп жүрмін!
Лайықты бәсекелестігі үшін Магомедке алғыс айтамын. Дәл осындай бәсеке одан әрі тынбай еңбек етуге және қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға ынталандырады.
Астана, кездескенше! 2019 жылы мұнда алтын медаль жеңіп алған едім. Осы қалаға қайта оралып, турнирдің атмосферасын және жанкүйерлердің қолдауын қайта сезінуге қуаныштымын», — деп жазды балуан Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, Садулаев Магомед Курбановты жеңгеннен кейін Астанада өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасы сапында өнер көрсету құқығына ие болды.
Айта кетейік, күрестен 2026 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.