«Барыс» ҚХЛ-дегі үй сериясын «Автомобилисті» жеңісімен жапты
«Барыс» ҚХЛ-дегі үй сериясын Екатеринбургтің «Автомобилисті» командасын жеңумен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті. Чейз Приски кездесудің 10-минутында алаң иелерін алға шығарды. Қонақтар екінші кезеңнің басында есепті теңестіргенімен, екінші 20 минуттықтың соңында Джейк Масси астаналықтарды қайтадан алға шығарды.
«Барыстың» жеңісін қазақстандық шабуылшы Дінмұхамед Қайыржанның дәл соққысы бекітті. Ал соңғы есепті Гарретт Пилон белгіледі – 4:1.
Михаил Кравецтің командасы 18 ұпаймен Шығыс конференциясындағы үшінші орнын сақтап қалды.
Енді «Барысты» тұрақты чемпионат аясындағы ұзақ сырт алаң сериясы күтіп тұр. Ойындар сериясы 17 қазанда «Сибирьге» қарсы кездесумен басталады.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)
Шайбалар:
1:0 — 10:13 Приски (Маккошен, Асетов). Тең құрамда
1:1 — 27:22 Каштанов (Денежкин, Клэг). Тең құрамда
2:1 — 38:42 Масси (Шестаков, Қайыржан). Тең құрамда
3:1 — 49:30 Қайыржан (Приски, Бэйли). Сан басымдығында
4:1 — 54:32 Өмірбеков (Пилон). Тең құрамда
Қақпашылар: Шутов — Зинаддин
Айып: 2:4 (0:0, 0:0, 2:4).