Елордада «Жаттығу» жобасы қайта жанданды
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі
Астанадағы Триатлон саябағында жастарға арналған «Жаттығу» жобасы қайта жанданып, өз жұмысын жалғастырды.
Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бастаманың мақсаты — жастардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті қалыптастырып, саламатты өмір салтын насихаттау.
Бүгінде бұл қозғалыс елдің әр өңірінен мыңдаған жасты біріктіріп отыр. Олар аула аумақтарын тазалап, спорт алаңдарын жөндеп, кәсіби спортшылармен бірге ашық аспан астында жаттығулар жасап, қоғам өміріне белсене атсалысуда.
Астанадағы басты алаң — Триатлон саябағы. Мұнда күн сайын кешкі уақытта спорттық жаттығулар ұйымдастырылады.