Бес Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатында жарысты ширек финалда аяқтады
26 сәуір күні Тайландта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында бес қазақстандық спортшы жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.
81 келі салмақта Мәди Амангелді Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері оңтүстіккореялық Ли Ён Хваннан ұтылып қалды.
57 келіде белдескен Бақыт Құсақбаева жартылай финалға шығу үшін таласта жапониялық «Үлкен дулыға» турнирлерінің жүлдегері Мэгуми Фучидадан жеңілді. Алайда жұбаныш белдесуінде үндістандық Шахин Даржаданы таза жеңіп, кейін Түркіменстан атынан шыққан Майса Пардаеваны да ұтып, қола медальға қол жеткізді.
73 келіде өнер көрсеткен Есет Қуанов өзбекстандық Шахрам Ахадовқа «ваза-ари» ұпайымен жол берді. 63 келідегі Эсмигүл Қуюлова тайпейлік Пэй Чун Юаньнан жеңіліп қалды. Ал 81 келідегі Азат Күмісбай да жарысты ширек финалда тоқтатты.