Бақыт Құсақбаева Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль салды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KazJude
Қазақстандық дзюдошы Бақыт Құсақбаева Таиландта өтіп жатқан беделді халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алып, ұлттық құрама қоржынына үшінші жүлдені сыйлады.
57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Құсақбаева жұбаныш белдесу арқылы қола жүлде үшін финалға шықты. Шешуші белдесуде ол Түрікменстан өкілі Майса Парадаевамен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 кг дейін) мен Шерзод Давлатов (60 кг дейін) қола жүлде алған болатын.